Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Алматыда жұма намазы кезінде жолды жапқаны үшін 30 адам жауапқа тартылды

Алматы жұма намазы кезінде жолды жапқаны үшін 30 адам әкімшілік жауапкершіліке тартылды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі ҚазТАГ басылымына сілтеме жасап хабарлайды. 

скрин

Видеодан скриншот

"Құқық бұзушыларға қатысты келесі шаралар қабылданды: Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекстің 614-бабын (Көлік қозғалысына кедергі келтіру) бұзғаны үшін 30-дан аса даам әкімшілік жауапқа тартылды", -  елінген полиция хабарламасында. 

Еске салайық, Алматыда бір топ адам жұма намазын оқу үшін жолды жауып тастаған еді. Кейін полиция аталған дерекке қатысты тексеріс бастады. 

Көп ұзамай Қазақстан мұсылмандар діни басқармасы намаз оқу үшін жолды жабуға болмайтынын мәлімдеді. 

“Құрметті жұма намазына келуші жамағат! Пайғамбарымыз (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын) жеті жерде намаз оқуға тиым салған. Олар: қоқыс жиналған жерде, мал соятын орында, қабір басында, жолдың үстінде, моншада, мал суарылатын орында және қағбаның үстінде. Жол үстінде намаз оқуға тыйым салуының басты себебі – жол қозғалысына кедергі келтірмеу. Ол көшемен жедел жәрдем көлігі, өрт сөндіру көлігі немесе жұмысына асыққан адам жүретіні белгілі. Сондықтан 5 минутқа көшені жауып намаз оқу қаншама ұзын-сонар көше көптелісін туындатады”, – деп жазды Ағабек Қонарбайұлы.

Талқылау