Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Алматыда жүргізушісіз таксилердің қашан іске қосылатыны белгілі болды

Фото: Жасанды интеллект 

Алматыда алғашқы жүргізушісіз таксилердің қашан пайда болатыны белгілі болды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

Алматы қаласы цифрландыру басқармасы басшысының орынбасары Мейрам Дүйсековтің айтуынша, жүргізушісіз таксилер биыл көктемде тестілеуден өткізе бастайды.


Қазақстанда такси қызметінің ережелерін түбегейлі өзгерту ұсынылды

2026 жылға арналған Ораза кестесі жарияланды


"Yandex компаниясымен бірлесе отырып, 1 мамырға дейін 50 автокөліктен тұратын жүргізушісіз көліктердің пилоттық жобасы іске қосылады", – деді Мейрам Дүйсеков.

Әкімдік өкілі қала көшелерінде 50 жүргізушісіз такси пайда болатынын атап өтті.

Еске салсақ, бұған дейін 2026 жылы Астанада да жүргізушісіз таксилер пайда болатыны туралы жазған едік.

Дана Русланқызы
Жұма, 06 Ақпан, 2026 22:17