Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Алматыда жүрек қан тамырлары тарылған ер адамға 10 жылдан кейін тағы ота жасалды

Алматылық дәрігерлер жүрек қан тамырлары 100% дерлік тарылған ер адамды аман алып қалды. Денсаулық сақтау басқармасы науқастың кардиологиялық орталыққа жедел миокард инфарктімен өте ауыр жағдайда түскенін мәлімдеді. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Фото: Алматы денсаулық сақтау басқармасы

Денсаулық сақтау басқармасының дерегінше, ер адамға 10 жыл бұрын коронарлық шунттау операциясы жасалған. Коронарлық ангиографиядан кейін жүректің негізгі тамыры діңінің 99,9% зақымданғаны анықталды. Ал бұған дейін орнатылған шунттардың біреуі ғана жұмыс істеп, ол да тарылып кеткен.

"Науқастың жағдайы процедура кезінде бірден нашарлады: қысымы өте қатты төмендеді. Дәрігерлер қайта операция жасау тым қауіпті болғанымен, дереу әрекет ету қажет екенін білді. Науқас экстракорпоральды мембрананы оттегімен қамтамасыз ету (ЭМОҚ) аппаратына қосылды, Оның қан айналымы тұрақталып, шунт пен тамырдың діңіне стенттеу жүргізілді", – делінген денсаулық сақтау басқармасының хабарламасында.



Науқас жеті күн реанимацияда жатып, қан айналымын дұрыстау үшін ЭМОҚ аппаратына қосылды. Ол орталықта 20 күн ем-дом қабылдаған. Кардиологтың айтуынша, бұл жағдай бірегей және өте сирек кездеседі. Операция үш сағаттан астам уақытқа созылды. Науқас үйіне шығарылды.

Еске салайық, бұған дейін белгілі актер, продюсер Сәбит Әбдіхалықов жүрегіне ота жасап, ауруханадан шыққанын жазған едік. Өнер иесі инфаркт алып, жүрегі сегіз жылдан бері мазалап жүрген.

Талқылау