Алматыда жолдағы бүтін брусчаткаларды сындырып жатқан жұмысшылардың видеосы тарады
Видеодан скрин
Алматыда жаяу жүргіншілер жолындағы бүтін брусчаткаларды сындырып жатқан жұмысшылардың видеосы тарады. Бостандық ауданы әкімінің орынбасары видеоға қатысты мәлімдеме жасады. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Бұған дейін желіде Абая даңғылы мен Байтұрсынов көшесінің қиылысындағы брусчатканы сындырып жатқан жұмысшылардың видеосы пайда болған еді. Кадрларда екі жігіттің тегіс төселген тақталарды жерден шығару үшін күш салып жатқанын көруге болады.
Бостандық ауданы әкімінің орынбасары Сәкен Аралбаев видео жариялап, жұмысшылардың бүтін тақталарды неге алып жатқанын түсіндіріп берді.
Әлеуметтік көмек орнына "брусчатка": Президент әкімдіктерді сынға алды
“Абая даңғылында, Есентай өзенінен Наурызбай батыр көшесіне дейінгі учаскеде тротуар жабындысын қалпына келтіру жұмыстары жүргізілуде. Аталмыш учаскедегі тротуар брусчаткасы 2017 жылы Алматы қаласының құрылыс басқармасының тапсырысымен төселген. Төселгеннен бері жөндеу жұмыстары жүргізілмеген”, – деп хабарлады Бостандық ауданы әкімдігі.
Шенеуніктер жұмысқа бюджет қаражаты тартылмағанын айтса да, жөндеу қандай қаражат есебінен жүргізіліп жатқанын нақтылаған жоқ.
“Жұмыс көлемі 10 шаршы метрден аз. Есентай өзенінен Байтурсынов көшесіне дейінгі учаскедегі қалпына келтіру жұмыстарының 16 қыркүйекте аяқталады деп жоспарланған”, – делінген әкімдік хабарламасында.
Еске салсақ, бұған дейін қоғам белсендісі Санжан Боқаев Алматыдағы ескі брусчаткалардың жеке қолға сатып жатқанын мәлімдеген еді.

"Аурухана мен мәдениет үйі жоқ": Сингапурға айналуы тиіс жаңа қала Алатаудың бүгінгі жай-күйі қалай (Фоторепортаж)
