"Басынан теуіп, есінен танып қалды": Алматыда жолаушылар автобус жүргізушісін сабап тастады (видео)
Әлеуметтік желіде Алматыдағы автобустардың біріндеге жолаушылар мен қоғамдық көлік жүргізушісінің арасындағы төбелестің видеосы тарады. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Фото: Видеодан скрин
Видео авторының айтуынша, үш адам жолаушыға шабуыл жасап, оны ұра бастаған. Мұны көрген жүргізуші автобусты тоқтатып, жанжалға араласып, ер адамдарды сабырға шақырған. Алайда біреуі автобусқа кірген жүргізушіні мойнынан қылқындырып, сыртқа алып шығып кетті.
“Олар жүргізушінің басынан тепкен соң жүргізуші есінен танып қалды. Болған жағдайдан кейін олар қашып кетті. Жүргізуші есін жиған соң бетін жуып, адамдарды ары қарай алып кетті", – делінген жазбада.
Полиция болған жанжалға қатысты Жетісу ауданының полиция тексеру жұмыстарын жүргізіп жатқанын мәлімдеді.
“Төбелеске қатысқандардың жеке басы анықталды. Сондай-ақ жанжалдың алдын ала мән-жайы белгілі болды. Олардың әрқайсысының әрекетіне құқықтық баға беріледі”, – деп мәлімдеді полиция.