Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Алматыда жол талғамайтын көлік полицейді қағып кетті, десе де жүргізуші ұсталмады

жүргізуші полицейді қағып кеттіФото: Видеодан скрин

Алматыда бар жылдамдықпен келе жатқан жол талғамайтын көлік жүргізушісі жол полициясы қызметкерін қағып кеткен. Оқиға қаланың дәл орталығында болған. Полицей күзетте тұрған кезде кенеттен арқасынан соққы алып, өздігінен тұра алмай қалған. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі КТК арнасына сілтеме жасап хабарлайды.

Жол талғамайтын көлік жүргізушісі қиылыста бұрылып келе жатқан. Жол полициясы қызметкерін байқамай, қағып кеткені. Ол дереу тоқтап, жедел жәрдем шақырған. Оқиға орнына жедел жәрдем келіп, алғашқы медициналық көмек көрсетіп, жәбірленушіні ауруханаға жеткізген. Онда оған жұмсақ тіндердің жарақаты және бел омыртқасының созылуы диагнозы қойылды. Тексеруден кейін полиция қызметкері үйіне жіберілді. Жүргізуші ұсталмады.

Ол түсініктеме бергеннен кейін бірден босатылды. Апатқа байланысты әкімшілік іс қозғалып, тергеу басталды.

“Toyota көлігінің жүргізушісі Желтоқсан даңғылы бойымен оңтүстік бағытқа қарай қозғалып , Сәтпаев көшесіне солға бұрылған сәтте полиция қызметкерін қағып кеткен. Жол-көлік оқиғасының салдарынан полицияның аға лейтенанты дене жарақаттарын алды”, – делінген хабарламада. 

Айта кетейік, бұған дейін Енді жүргізушілер белгіленген жылдамдықтан асырса 147 мың теңге айыппұл төлейтіні  туралы жазған едік. 

Жұмаділлә Нұрила
Сенбі, 08 Қараша, 2025 14:01
Талқылау