Алматыда жоғалып кеткен 18 жастағы бойжеткеннің денесі табылды
Алматыда қаңтар айында18 жастағы бойжеткен із-түссіз жоғалып, іздестірілген еді. LIDER отрядының еріктілері бір ай уақыт іздеу жұмыстарынан соң қыздың денесі табылғанын жеткізді. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Бойжеткен осы жылдың қаңтар айында жоғалып кеткен. 2005 жылы туған қыз үйінен белгісіз бағытта шығып кеткеннен оралмаған. Еріктілерге хабарлама 12 ақпанда келіп түскен.
Дегенмен бір ай іздеу жұмыстарынан соң ақпан айында қыздың денесі табылды. Өлім себептері туралы ақпарат жоқ.
Одан бөлек, ақпан айының соңында Алматының жоғалып кеткен тағы бір тұрғынының денесі табылды. Онымен байланыс 2024 жылдың 16 қаңтарында үзілген. Азамат үйінен шығып кетіп, оралмаған.
Қазақстандық ер адам егіз қызы мен ұлын зорлады деп айыпталды: Анасы бірнеше жылдан бері әділдікке жете алмай жүр
Қылмыстық іс 6 рет тоқтатылған екен
"Көзқарастары ескі, жас мамандарды төмендетеді": Қазақстандық жас мұғалімдер үлкен буынмен жұмыс істеудің қиындығын айтты
Ал көпжылдық тәжірибесі бар мұғалімдер зейнет жас мәселесін қайта қарастырсын дейді