Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Алматыда жетім балаларға арналған мекемеде кәмелетке толмаған қызды зорлаған

Фото: pixabay.com

Алматыда жетім балаларға арналған мемлекеттік мамандандырылған "Жанұя" кешенінде зорлау фактісі орын алғаны туралы ақпарат тарады. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

EGOV.PRESS Telegram арнасының мәліметінше, мекеме әкімшілігі бұл оқиғаны жай ғана әкімшілік құқықбұзушылық ретінде қарастырған.

“Алайда біздің дереккөздер бұл жағдайдың зорлау дерегі болуы мүмкін екенін де жоққа шығармайды. Қалалық полиция Департаментінен шара қолдануды сұраймыз”, – деп жазды парақша. 

Алматы қалалық полиция департаментінің баспасөз қызметі бұл оқиғаның шынымен зорлау фактісі болғанын растады. 



“Бұл оқиғаны 2023 жылы Медеу ауданының полиция басқармасы тергеген. Тергеу барысында болған жағдайдың мән-жайы анықталды. Тергеу нәтижесінде қылмыстық іс сотқа жолданды.

Сот үкімімен кәмелетке толмаған күдікті кінәлі деп танылып, оған қылмыстық кодекстің сәйкес бабына сай жаза тағайындалды. Аталған істі қарау кезінде процестің кәмелетке толмаған қатысушыларының құқықтарын қорғауға қатысты заңда көзделген барлық кепілдіктер сақталғанын атап өтеміз”, – делінген хабарламада.

STAN.KZ
Сейсенбі, 03 Маусым, 2025 16:24
Талқылау