Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Алматыда жасөспірім аулада ойнап жүрген 2 жасар баланы жерге лақтырып жіберген (видео)

жасөспірім көшеде өтіп бара жатқан баланы лақтырып жібергенФото: Видеодан скрин

Алматыда көшеден өтіп бара жатқан жасөспірім екі жасар баланы жерге бар күшімен лақтырып жіберген. Сәбидің қолы сынған. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Оқиға кешкі уақытта тұрғын үйлердің бірінің ауласында болған. Анасының жанында ойнап жүрген баланың қасына еш себепсіз келген жасөспірім оны көтеріп, жерге қатты лақтырып жіберген.

Дәрігерлер алғашқы көмек көрсетіп, баланың қолының сынғанын анықтады. Жасөспірімді полиция ұстаған жоқ, себебі оның кәмелет жасына толмағанын алға тартты.

"Ол түнде жылайды, ұйықтай алмайды. Бірден полицияға арыз жаздым, бірақ әлі ешкім хабарласқан жоқ. Аудандық полиция бөліміне барғанда "Ол кәмелетке толмаған, сіз ештеңе істей алмайсыз" деді. Жасөспірімнің ата-анасы ем-дом шығынын да, моральдық өтемақыны да төлеуден бас тартты", – деді зардап шеккен баланың анасы Зарина Сапар.

"Аталған дерек бойынша Әуезов аудандық полиция басқармасы қылмыстық іс қозғады. Қажет тергеу амалдарынан кейін процессуалдық шешім қабылданады", – деп мәлімдеді полиция.


Павлодарда екі баласын терезеден лақтырып жіберген әйел ауруханадан шықты


Қарағандыда пойызда босанып, нәрестесін лақтырып жіберген әйел жазадан құтылып кетті


Еске салайық, бұған дейін 24 маусымда Мәскеудегі Шереметьево әуежайында ер адам екі жасар баланы жерге лақтырып жібергенін жазған едік. Оқиға бейнебақылау камерасына түсіп қалған. Баланың миы зақымданып, ол қазір ауруханада жатыр. Мәскеу облысының бала құқықтары жөніндегі уәкілі Ксения Мишонова шабуыл жасаған ер адам есірткінің әсерімен жүргенін айтты. Күдікті – 31 жастағы Беларусь азаматы. Оны көлік полициясы бірден ұстады. Тергеушілер оған "Адам өлтіруге оқталу" бабы бойынша қылмыстық іс қозғап, 20 жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасы қолданылуы мүмкін.

Айым Атамбаева
Сәрсенбі, 27 Тамыз, 2025 16:19
Талқылау