Алматыда жантүршігерлік жол апаты болып, 23 жастағы фельдшер қаза тапты (видео)
Фото: Видеодан скрин
Алматыда жедел жәрдем көлігі апатқа ұшырап, бір жолаушы қаза тапты. Ол 23 жастағы фельдшер болып шықты. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Әлеуметтік желілерде оқиға орнында түсірілген видео тарады. Кадрдан жедел жәрдем көлігі аударылып қалғанын көруге болады.
Алматы облысындағы жол апатынан қазақстандық бес спортшы қаза тапқаны белгілі болды
“Апат 3 желтоқсанда сағат 00:40-та Алматы қаласы Алатау ауданында болған. Жедел жәрдем көлігі Сайын көшесімен келе жатып, бұрылмақ болған. Сол сәтте Kia көлігімен соқтығысқан. Салдарынан екі көліктің жүргізушілері мен жолаушылары жарақат алған. Ал 2002 жылы туған фельдшер бірнеше сағаттан кейін ауруханада көз жұмған”, – делінген хабарламада.
Полиция адам өліміне әкелген жол-көлік оқиғасы бойынша қылмыстық іс қозғады.
Айта кетейік, бұған дейін Көлсай ұлттық саябағында апат болып, шетелдік турист қаза тапқаны туралы жазған едік.
Алматы әкімдігі тұрғындардың наразылығын тудырған эстакадаға қатысты суретке түсініктеме берді