Алматыда зейнеткер ерлі-зайыптыны өлтіріп, үйін өртеп кеткен
Алматыда жеке тұрғын үй өртеніп, ішінен екі адамның мәйіті табылды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Фото: Pixabay.com
Қаза болғандар егде жастағы ерлі-зайыпты екен. Алдын ала мәлімет бойынша, зейнеткер өртке дейін қаза тапқан. Әйел өлімінің себебі әлі жарияланған жоқ.
"Кісі өлтіру фактісі бойынша қылмыстық іс қозғалып, күдікті уақытша ұстау изоляторына қамалды. Алдын ала мәлімет бойынша, қылмысқа жанжал себеп болған. Басқа мән-жайлар анықталып жатыр”, – деп мәлімдеді Алматы полиция департаменті.
Полиция бастығының қызы Олжас Сүлейменовтің немересін қалай қағып өлтірді: Қазақстандағы тағы бір атышулы жол апатын еске түсірейік
Үйленуді жоспарлап жүрген Ескендір Сүлейменов 26 жасында өмірден өтті