Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Алматыда ұшақ ақауына байланысты 200-ден астам жолаушы рейсі кешіктірілді

Air Astana әуе компаниясының Алматы-Анталия бағыты бойынша ұшатын рейсі 09:40-та ұшып шығуы тиіс еді. Алайда фюзеляжының зақымдалуына байланысты ол кейінге қалдырылды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Әуе компаниясының баспасөз қызметі ұшақтың кешігіп келуіне байланысты рейс кейінге шегерілгенін хабарлады.

"Ұшақтың фюзеляжында алдыңғы ұшулар кезінде зақымдалғаны анықталды. Бұл залалдарды жою бойынша жұмыстар жүргізілді", - деп хабарлады әуе компаниясы.

Әуе компаниясының мәліметінше KS 915 рейсі Алматыдан жергілікті уақыт бойынша сағат 09:40-та ұшып шығуы тиіс болатын. Рейс уақыты 17:15-ке ауыстырылды. Ұшаққа 209 жолаушы тіркелген.



"Олар сусындар мен ыстық тамақпен қамтамасыз етілді. Мүмкіндігі шектеулі жолаушылар, сондай-ақ балалары мен қарттары бар жолаушылар күту үшін терминалдың бизнес-залына кіре алады. Әуе компания келтірілген қолайсыздықтар үшін кешірім сұрайды және ұшу қауіпсіздігін қамтамасыз ету бірінші кезектегі міндет екенін еске салады", - деді Air Astana.

Талқылау