Алматыда Ұлттық қауіпсіздік академиясының курсанты жоғары қабаттан құлап, қаза тапты
Алматыда 22 қыркүйекке қараған түні Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Шекара академиясының курсанты мерт болды. Полиция бұл ақпаратты растады. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Деректерге сенсек, Алматыда тұрғын үй кешендерінің бірінің жоғарғы қабаттағы пәтер терезесінен ҰҚК Шекара академиясының курсанты құлаған.
Қайғылы оқиға 22 қыркүйекке қараған түні Достық даңғылында болды. Марқұм 19 жас шамасында.
"Аталған факт бойынша Медеу аудандық полиция басқармасы қылмыстық іс қозғады. Оқиғаның себебі мен мән-жайы анықталып жатыр", – деп хабарлады қалалық полиция департаментінің баспасөз қызметі.
Еске салайық, бұған дейін 2024 жылдың 21 қыркүйегінде Алматыда Бостандық ауданында оқушы қыз қаза тапты. Ол тұрғын үй кешендерінің бірінің 13-қабатындағы балконнан құлаған.
Екі күнде үш рет төтенше жағдайда қонды: Авиация сарапшысы қыс мезгілінде ұшудың қаншалық қауіпті екенін айтты
Абыл Кекілбаев төтенше қонулар авиакомпанияларға тек ерекше жағдайда ғана жасалатынын айтты
Алматылықтар арасында маска мен мұрын фильтрі танымал бола бастады: Лас ауадан қорғайтын құралдар шынымен тиімді ме
Масканың көмегі болуы үшін оның FFP2 немесе N95 түрін таңдау керек