Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар
Басты жаңалықтар

Алматыда XXI Халықаралық PR-форум өтеді

Алматыда 16 мамырда коммуникациялар саласындағы жылдың басты оқиғасы XXI Халықаралық PR-форум өтеді. Бұл жыл сайынғы Қазақстан мен өңірлердегі PR саласының мамандарына арналған ең беделді алаң.

2025 жылғы форумының тақырыбы: "AI мен постшындық дәуірінде беделді басқару".

20 жыл ішінде форум 4 мыңнан астам қатысушыларды жинады. Атап айтқанда қоғаммен байланыс бағытындағы мамандардың, стратегиялық коммуникаторлардың, маркетологтардың, кәсіп, мемлекеттік құрылымдар мен медиа, digital-орта өкілдерінің басын қосты.
Іс-шараны ұйымдастырушылар – "PR-шы" қазақстандық қоғаммен байланыс жөніндегі мамандар клубы мен Promo Group Communications коммуникациялық агенттігі. Халықаралық PR қауымдастығы (ICCO) мен еліміздің Ұлттық қоғаммен байланыс қауымдастығының (НАСО) қолдауымен жүргізілуде.

2025 жылғы форумының негізгі тақырыптары:

– Бедел капиталы: Сын мен қауіп-қатерлер
– Постшындық пен ақпараттық өрістің жаңа ережелері
– Жалған ақпарат және киберқауіптер: бизнес өзін қалай қорғай алады?
– Қысым мен сенім арасындағы ESG байланыс
– Ақпараттық шабуылдар мен брендті қорғау
– PR-дағы жасанды интеллект: Жау ма, әлде одақтас па?
– Ішкі коммуникация трендтері мен жұмыс берушінің бренді

Сондай-ақ, халықаралық PR-форумның 20 жылдық тарихында алғаш рет "PR және коммуникация саласындағы үздік кәсіпқой маман 2025" салалық байқауы өтеді.

Одан бөлек, жыл сайынғы "Корпоративті медиа конкурсының" жеңімпаздарын марапаттау өтеді.

Форум іскерлік байланыс орнату, тәжірибе алмасу, PR және стратегиялық коммуникациялардың болашағын қалыптастыратын тақырыптарды талқылауға арналған бірегей алаң.

Толық ақпаратты prforum.kz порталынан оқыңыз.

STAN.KZ
Сейсенбі, 29 Сәуір, 2025 11:09
Талқылау