"ESCOBAR OPTOM": Алматыда вейпті Telegram арқылы мектеп оқушыларына сатып келген
Фото: Қаржы мониторингі агенттігі
Қаржы мониторингі агенттігіне қарасты Алматы бойынша департаменті электрондық тұтыну жүйелері (вейптер), дәмқосқыштар мен оларға арналған сұйықтықтардың заңсыз айналымымен айналысқан топтың қызметін тоқтатты. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Тыйым салынған өнімді сату Telegram мессенджерінде "ESCOBAR OPTOM" атауымен жүргізіліп, курьер арқылы жеткізіліп отырған.
Жедел-тергеу іс-шараларының нәтижесінде қоймалар мен сату нүктелері анықталды.
Тінту барысында 150 мыңнан астам вейп тәркіленді, олардың сатылымынан түсетін табыс 1 миллиард теңгеден асып кетуі мүмкін еді.
Бұл өнімдер кәмелетке толмағандар, соның ішінде мектеп оқушылары арасында кеңінен таратылған. Көлеңкелі бизнестің ұйымдастырушылары вейптерді әдейі жасөспірімдерге жеткізіп, олардың денсаулығына айтарлықтай қауіп төндірген. Қылмыстық-процестік кодексiнің 201-бабына сәйкес өзге ақпарат жария етуге жатпайды.
Қазақстанда темекі тартатын жасөспірімдер саны күрт өскен
Алматыдағы Арбатта ес-түссіз жатқан бір топ жасөспірім жұртты шошытты (видео)
Еске салайық, бұған дейін Алматы облысы Райымбек ауданы Қызылшекара ауылында каннабис егілген ірі 6 гектарлық плантация анықталды. Іс-шара есірткі таралуының алдын алып, құқық бұзушылықтың жолын кесу мақсатында ұйымдастырылған. Сонымен қатар құқықтық түсіндіру жұмыстарын жүргізу үшін ауыл-аймақтарға арнайы баннерлер ілінді. Бастама тұрғындардың құқықтық сауатын арттырып, есірткіге қарсы иммунитет қалыптастыруға бағытталған.