Алматыда V Өңірлік жарнама форумы (RAF) өтті
Алматыда 6 қарашада V Өңірлік жарнама форумы (RAF) өтті. Форумның негізгі тақырыбы – “Коммуникация стратегиясы 4.0”.
Қазір қоғамдағы көріністерге қарап, тұтынушының таңдауларының түбегейлі өзгергенін көруге болады. Бүгінде маркетингтік коммуникацияға көбірек мүмкіндіктер берілгенімен маркетологтар мен жарнама мамандарына кейбір қиындықтар тудыратын мынадай сұрақтар бар:
- тұтынушы үшін не маңызды және оның таңдауын қандай үлгілер ынталандырады;
- қолданыстағы байланыс арналары қазіргі уақыттағы талаптарға жауап бере ала ма және болашақта қалай өзгереді;
- User Experience және Data-driven маркетингін қалай тиімді біріктіруге болады? Қандай маркетинг ережелер өзгереді және қайсысы мықты болып қалады;
- бізде табысты тұтынушылық тәжірибені қалыптастыру үшін қандай жаңа құралдар бар немесе жақын арада қандай шараларды қабылдауымыз керек.
Осы және басқа да өзекті тақырыптарды форумға қатысушылар екі залда өткен 23 рет сөз сөйлеу мен 4 пікірталас аясында талқылады. Ал лаундж-аймақта осы салада мамандар даярлау мәселесі бойынша дөңгелек үстел өтті.
Орталық Азия жарнама қауымдастығы (ОАА) ұйымдастырған іс-шара Қабылдау үйінде өтті. Мұнда жарнама-медиа және маркетинг салаларының топ-тұлғалары: жарнама агенттіктерінің, сатылым үйлерінің, диджитал-платформалардың өкілдері, сыртқы жарнама операторлары, БАҚ, компаниялардың басқарушы және маркетингтік директорлары, маркетинг жөніндегі тәуелсіз мамандар қатысты.
Форум спикерлерінің сөйлеген сөздерін онлайн режимінде де көруге болады.
2-залдан трансляцияны мына сілтемеден қарауға болады.
Іс-шараның соңында дәстүрлі түрде ең жақсы 4 спикер таңдалып, MARWIN, Меломан дүкендер желісінен сыйлықтар ұсынылады.
Форумды ұйымдастырушы – Орталық Азия жарнама қауымдастығы.
RAF 2024 ресми серіктестері – Admixer Media, Yandex Ads.
Серіктестер – Forte, Success Market, Bidease, GEOMOTIVE, Media nova.
Ивент серіктесі – EZ Solutions.
Креативті серіктес – Catharsis Group.
Сонымен қатар іс-шараны LeGracio және ASU Vo сауда маркаларымен RG Brands қолдады.
Ақпараттық серіктестер: Tribune.kz, КТК, Almaty.TV, BES.media, Exclusive.kz, Бизнес Номады, MarCom Club, Optimism.kz, Digital Business, BIZ Media, NUR.kz, Weproject, Zakon.kz, marketing.uz.