Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Алматыда үш автобус пен жеңіл көлік соқтығысып, 14 адам зардап шекті (видео)

Алматыдағы Райымбек даңғылында үш автобус соқтығысып, ірі жол апаты болды. Апат салдарынан зардап шеккендер бар. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Фотоны куәгер оқиға орнынан жіберді

Куәгердің айтуынша, жол апаты салдарынан тұрғындар жарақат алған.

"Қатарынан үш автобус келе жатты. Бірінші автобус тежегішін басқан кезде екіншісі оған келіп соқтығысты. Ал үшіншісінің жүргізушісі алдыңғы автобусқа соғыспау үшін бұрылды. Алайда ол да автобус пен жеңіл көлікке соғылды", – деді куәгер.

Куәгердің сөзінше, бірнеше адам зардап шеккен. Жолаушылардың бірінің аяғы сынған.

Полиция мәліметіне сәйкес апат 13 ақпан күні таңертең 09:00 шамасында болған. 



"Райымбек даңғылының бойымен шығыс бағытта келе жатқан №54 автобус жүргізушісі алда келе жатқан 133-маршрут автобусына, сондай-ақ Nexia көлігіне соқтығысты. 133-автобус инерция салдарынан қатарлас келе жатқан 88-бағыттағы автобуспен соқтығысқан", – деп хабарлады полиция департаменті.

Жол апаты салдарынан жарақат алған 14 адам ауруханаға жеткізілді. Денсаулық сақтау басқармасының мәліметінше қазір олар қабылдау бөлімі деңгейінде тексеріліп жатыр.

“Бәрінің жағдайы орташа ауырлықта, барлық қажетті медициналық көмек толық көлемде көрсетіліп жатыр. 3 адам ауруханаға жатудан бас тартты”, – делінген хабарламада. 

Талқылау