Алматыда автобус пен жеңіл көлік соғылып, бір адам қаза тапты
Алматыда жеңіл көлік пен жолаушылар автобусы соқтығысты. Апат салдарынан бір адам қаза тауып, төрт адам жарақат алды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Алматы қалалық полиция департаментінің мәліметінше, жол апаты 27 қаңтар таңғы сағат 09:00–де Алатау ауданында болған.
Chevrolet автокөлігінің жүргізушісі, 2003 жылы туған азамат И.Емцов көшесімен солтүстік бағытта келе жатып, рөлге ие бола алмай, қарсы бағытқа шығып кеткен де, автобуспен соқтығысқан.
"Оқиға салдарынан жеңіл машина жүргізушісі оқиға орнында көз жұмды. Автобустың төрт жолаушысы медициналық көмекке жүгінді", — деп хабарлады Алматы қалалық полиция департаментінің баспасөз қызметі.
Аталған дерек ҚР Қылмыстық кодексінің 345-бабының 3-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексерудің бірыңғай тізіліміне тіркелді.
Хлор мен уксусты араластырып ыдыс жуған қазақстандық әйел ауруханадан бір-ақ шықты
Дәрігер: “Қышқылдар мен күшті сілтілер өңеш пен асқазанның ауыр химиялық күйігін туғызады”
Алматы тауларында ағаштарда қызыл белгілер пайда болды: Жаппай ағаш кесу қалаға қалай әсер етеді
Тұрғын: "Сонда осы ағаштарды, осы әсем табиғатты сақтап қала алмаймыз ба?”