Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Алматыда университет аумағынан адам сүйегі табылды

Әлеуметтік желіде Алматыдағы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Шекара академиясының аумағынан адам сүйегі табылғаны туралы хабарлама тарады. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Фото:  t.me/almaty_my

Сүйектер академия аумағындағы инженерлік желілерді жөндеу кезінде табылған.

Алматы полиция департаменті табылған сүйекке қатысты түсініктеме берді.

"Медеу аудандық полиция бөлімі ескі жерлеудің табылуы бойынша тергеу жүргізіп жатыр", – деп хабарлады Алматы полициясы.



Еске салайық, бұған дейін Астанадағы мектептердің бірінде 14 жастағы қыздың денесі табылғаны туралы жазған едік. Әлеуметтік желіде мәйіт мектеп жанындағы қаңырап қалған ғимараттан табылды деп айтылған. Видеода бір кездері балабақша болған ғимаратты көруге болады. Басылым авторы қараусыз қалған ғимараттың қоршаумен қоршалмағанын және кез келген адам ішке емін-еркін кіре алатынын хабарлайды. Полиция департаменті мәйіттің табылғаны туралы ақпаратты растады.

Талқылау