Алматыда тұрғын үйлер тұрғызуға тыйым салынған аумақ белгіленді
Фото: Stan.kz
Алматыда көппәтерлі және тығыз орналасқан тұрғын үйлерді тұрғызуға тыйым салынған аумақ нақтыланды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі 31-арнаның “Информбюро” жаңалықтар қызметіне сілтеме жасап хабарлайды.
Қала әкімдіктің хабарлауынша, мемлекет басшысының тапсырмасымен жарияланған мораторий аймағына Талғар трассасы мен Шығыс айналма жолы, Әл-Фараби даңғылы, Саин және Жандосов көшелері кіреді.
Жергілікті билік мәлімдегендей, қаланың жоғары жағында қазір баспанадан гөрі, мектеп пен аурухана тапшы. Сол себепті шектеудің әлеуметтік нысандарға қатысы жоқ. Таулы аймақтағы су мәселесі мен инфрақұрылымның ақсауы да құрылыстың кесірінен дейді әкімдік. Бірақ іске асырыла бастаған жобалар аяқсыз қалмайды.
“Қазіргі құрылыс компаниялары заңнамада реттелмеген таунхаустар салуды жалғастырып келеді. Мораторий негізінде мұндай нысандарға жобалық-сметалық құжаттама берілмейтін болды. Бірақ шектеу құрылыс жұмыстары басталып кеткен немесе іске асып жатқан нысандарға қолданылмайды. 2040 жылға дейінгі Бас жоспарға өзгерістер енгізіледі”, – дейді Алматы қалалық жоспарлау басқармасы басшысының орынбасары Арман Айшуақов.

"Тегін тамақ беріп, емдік шөптің тамырын тауып әкелді": Оңтүстік Кореяға ем іздеп барған қазақстандық қыз күтпеген жерден кәріс ата-әже тауып алған
