Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Алматыда тұрғын үй кешенінің күзетшісін өлтірген күдікті 14-қабаттан секірмек болған (видео)

Алматыдағы тұрғын үй кешені күзетшісін қатігездікпен өлтірген оқиғаның егжей-тегжейі белгілі болды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

ер адам ұрған

Видеодан скриншот

Оқиға "Самал-3" ықшам ауданы 25, "Меркур Тауэрс" тұрғын үй кешенінде болған. Күзетшіні ұрып өлтірген ер адам полицейлер келгеннен кейін қашып кетпек болған. Содан кейін 14-қабатқа көтеріліп, терезеден секірмек болған. Полицейлер оны дер кезінде ұстады.

Алматы полиция департаментінің баспасөз қызметі видеоға түсініктеме бере отырып, адам өлтіру дерегі бойынша қылмыстық іс қозғалғанын атап өтті.

"Алдын ала мәлімет бойынша, күзетші мен тұрғын үй кешенінің тұрғыны арасында жанжал туындап, нәтижесінде 45 жастағы ер адам күзетшіге дене жарақаттарын салған. Күдікті ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалды", – деп хабарлады полицейлер.

Еске салсақ, бұған дейін Алматыда тұрғын үй кешенінің күзетшісін қатігездікпен өлтіріп кеткен видеосы тараған еді. Оқиғаның видеосын мына жерден көре аласыз. 

Талқылау