Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Алматыда тұрғын үй кешенінің күзетшісін қатыгездікпен өлтірген күдіктіге қатысты сот басталды

Алматыда "Меркур Тауэрс" тұрғын үй кешенінің күзетшісі Нұрбол Қайыпбаевтың өліміне қатысты сот отырысы басталды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

Видеодан скрин

Алайда сот жабық жағдайда өтіп жатыр, себебі күдіктіге әлеуметтік желі арқылы танысы туралы порнографиялық видеоматериалдарды таратқаны үшін де айып тағылған.

Қайғылы оқиға 2024 жылы 29 наурыз күні болды. Алматыдағы "Меркур Тауэрс" тұрғын үй кешенінің тұрғыны Асқар Тастандиев өзінің жол талғамайтын көлігімен қақпаны қиратып, күзетшіні бірнеше рет басып өтіп, кейін көліктен шығып, ер адамды тепкілеп тастаған. Оқиға бақылау камераларына түсіп қалған. Оқиғадан кейін күдікті 14-қабатқа көтеріліп, терезе алдына отырып, өзіне қол жұмсаймын деп қорқытқан, бірақ полиция қызметкерлері күдіктіні ұстап үлгерді.


Экс-депутаттың ұлы: Алматыдағы тұрғын үй кешенінде күзетшіні өлтірген күдікті туралы не белгілі


Көршілердің айтуынша, күзетші мас күйдегі Тастандиевті көлікпен кешеннен шығармауға тырысқан. Олардың айтуынша, ер адамның ата-анасы күзетшіден баласын бақылауды, сыртқа шығармауды жиі сұраған. Осы жағдай жанжалдың басталуына себеп болуы мүмкін.

Ауруханаға бара жатқан жолда күзетші Нұрбол есінен танып, медициналық мекемеге жеткенде көз жұмды. Диагноз бойынша, күзетшінің тамырлары үзілген, қабырғалары сынған, бір қабырғасы өкпесін тесіп өткен, аяғы жаншылған.

Күдікті дереу қамауға алынды. Алайда 13 қыркүйекте тергеу уақытша тоқтатылды, себебі Тастандиев психиатриялық көмек көрсететін арнайы медициналық мекемеге жатқызылған. Сол кезде қызмыскерді ақыл-есі дұрыс емес деп танып, жазадан құтылып кетуі мүмкін деген сыбыстар тарай бастады. Алайда сараптама 45 жастағы күдіктінің психикалық тұрғыдан сау екенін және сот алдында жауап бере алатынын дәлелдеді. Кейіннен күдіктіге қатысты қылмыстық іс қайта қозғалды.

Талқылау