Алматыдағы түнгі клубта аспаз есірткі саудасымен айналысты деген күдікпен ұсталды

Видеодан скриншот
Алматыдағы көңіл көтеру орындарының бірінде жедел шаралар нәтижесінде есірткі таратуға күдікті асхана қызметкері ұсталды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Асхана қызметкері жұмыс орнында ұсталды. Жеке тінту кезінде күдіктіден ұнтақталған заттар мен ерекше иісі бар өсімдік тектес заттар, психотроптық және есірткі заттары тәркіленді. Тәркіленген заттар сараптамаға жіберілді.
Қамауға алынғаннан кейін полиция ер адамның үйінде қосымша тінту жүргізді.
Есірткі қолданғанын айтып, тікелей эфирге шыққан қазақстандық блогер 10 тәулікке қамалды
"Біз есірткіге байланысты қылмыстарды, әсіресе қоғамдық демалыс орындарында анықтау және алдын алу үшін бұрын-соңды болмаған шаралар қабылдап жатырмыз. Біздің мақсатымыз – есірткінің таралуына жол бермеу және қала тұрғындарын, әсіресе жастарды қорғау", – деді қалалық есірткіні бақылау департаментінің бастығы Мұрат Жұмабаев.
Күдікті қамауға алынды. Полиция тарату арналарын және есірткі саудасына қатысы бар адамдарды анықтау бойынша жүйелі жұмысын жалғастырып жатыр.
Жаңа үйленсе де өзге қыздарға жазады: Қазақстандық психолог неліктен ерлердің опасыздыққа баратынын айтты