Алматыда троллейбус жүргізушісін жол бойында тұрған жерінде қағып кеткен
Алматыда троллейбус жүргізушісін жол бойында тұрған жерінде жеңіл көлік жүргізушісі қағып кеткен. Салдарынан ол оқиға орнында көз жұмған, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Алматы қалалық полиция департаменті, жол-көлік оқиғасының Алматының Әуезов ауданында орын алғанын мәлімдеді.
Сағат 7:10 шамасында 1998 жылы туған Kia маркалы көлігінің жүргізушісі Шаляпин көшесінің бойымен батыс бағытта келе жатып, Шаляпин көшесінің жүріс бөлігінде тұрған троллейбустың жүргізушісін қағып кеткен. Салдарынан ол оқиға орнында көз жұмған.
- Ақтөбе облысында жол апатынан Түркия азаматы қайтыс болды
- Алматыда қоғамдық көлік метро станциясының кіреберіс құрылымына соқтығысты
"Аталған дерек ҚР ҚК-нің 345-бабы 3-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеудің бірыңғай тізіліміне тіркелді. Сараптамалар тағайындалды. Оқиғаның мән-жайы анықталуда", - деді қалалық ПД анықтау Басқармасының бастығы Олжас Шәріпов.
"Тапсырыс жоқ, қарыз көбейді": Қазақстандық кәсіпкердің жаңа салық реформасының кесірінен бизнесі шығынға батқан
Эмин Аскеров: "Қызметкерлердің тағы 10%-ын толық емес жұмыс күніне ауыстырдық"
Қазақстанда тұрақты тұруға өтініш берген шетелдіктер қазақ тілінен тест тапсырады: Оларға қандай сұрақтар қойылады?
Тест онлайн форматта ҚАЗТЕСТ жүйесі арқылы өткізіледі