Алматыда жаңа жылда төтенше жағдайлар қызметі күшейтілген режимде жұмыс істейді: Төтенше жағдайда қайда қоңырау шалу керек

Фото: depositphotos.com
Жаңа жыл мерекелері кезінде Алматының коммуналдық, төтенше және арнайы қызметтері күшейтілген жұмыс режиміне ауысады. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Барлық мүдделі ұйымдардың әрекеттерін үйлестіру үшін қалалық штаб та құрылды.
"Коммуналдық инфрақұрылымның үздіксіз жұмысын және ықтимал төтенше жағдайларға жедел ден қоюды қамтамасыз ету шаралары қабылданды. Мереке күндері жылу, су, электр қуаты және газбен жабдықтау, лифт жұмысын, көше мен ауланы жарықтандыруды, сондай-ақ көше мен жол желісін және ауланы күтіп ұстауды қамтамасыз ететін мамандандырылған қызметтер құрылды", – делінген хабарламада.
Әкімдік тұрғындарға төтенше және шұғыл байланыс ақпаратын еске салды:
- Төтенше жағдайлар қызметтері: 109;
- Қоғамдық инфрақұрылым және тұрғын үй инспекциясы департаменті (ОСИ жұмысы, ауланы тазалау және төтенше жағдайлар бойынша): +7 (727) 225-14-31, +7 (707) 018-08-46, +7 (747) 132-23-52;
- Қоғамдық инфрақұрылым және тұрғын үй инспекциясы департаменті (лифттер, қазандықтар және газ жабдықтары бойынша): +7 (727) 390-28-19, +7 (701) 344-74-87;
- "Алатау Жарық Компаниясы" АҚ (электрмен жабдықтау): +7 (727) 356-99-99, +7 (701) 410-88-56;
- "Алматы жылу желілері" ЖШС (жылыту және ыстық сумен жабдықтау): +7 (727) 378-06-48;
- "Алматы қала жарық" АҚ (көше мен ауланы жарықтандыру): +7 (727) 390-20-40, +7 (727) 390-20-60;
- "Алматы су" мемлекеттік коммуналдық кәсіпорны (суық сумен жабдықтау және канализация): +7 (727) 274-66-66, +7 (727) 274-24-20, +7 (771) 852-91-01;
- "Қазақгаз аймақ" АҚ (газбен жабдықтау): +7 (778) 959-47-67.
Алматы әкімдігі тұрғындарды қауіпсіздік шараларын сақтауға және төтенше жағдай туындаған жағдайда дереу төтенше жағдайлар қызметіне хабарласуға шақырды.