Алматыда кейінгі сегіз жылда алғаш рет пәтер жалдау бағасы төмендеді
Алматыда кейінгі сегіз жылда алғаш рет пәтер жалдау бағасы арзандады. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі DataHub сайтына сілтеме жасап хабарлайды.

Фото: pixabay.com
Пәтерді жалға алу 2,9 пайыз арзандады. Құрлыс компанияларына пәтерлер сатып алу құны 1,4%, екінші қолданыстағы пәтерлерді сатып алу екі ай қатарынан 0,4% арзандаған.
Жалпы Қазақстан бойынша жаңа тұрғын үй бағасы 0,4% өскен. Пәтер бағасы Қарағандыда 0,3% арзандаса, Павлодарда бағаның 0,1 пайыз төмендегені байқалды.
Ел бойынша пәтерлерді қайта сату 1,7 пайыз өсті, әсіресе Астанада қайта сату бағасы 5,3 пайыз қымбаттаған.
Бүкіл ел бойынша жалдау ақысы 1,2 пайыз арзандаған. Жалдау құны арзандаған аймақ –Семей. Бұл жерде баға 4,4 пайыз түскен.
Еске салсақ, осыған дейін жер сілкінісіне байланысты Алматыдан басқа қалаларға қоныс аударғысы келетіндер көбейгені туралы жазған едік.
"Халқының жалақысы 3 миллион теңге, күйзеліс дегенді білмейді": 3 айлық сәбиімен Англияға оқуға кеткен қазақстандық адам миын зерттеп жүр
Ұлпан: "Жалақысы аз, жүктемесі ауыр, Қазақстандағы дәрігерлерге жаным ашыды”
"Тарифтер өсіп, мобильді аударымдарға бақылау күшейеді": 1 сәуірден бастап Қазақстанда не өзгереді
Сәуір айында болатын өзгерістерге шолу жасадық