Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар
Басты жаңалықтар

Алматыда шылым үшін такси жүргізушісін ұрғандар 15 тәулікке қамалды

Фото: Видеодан скрин

Алматыда такси жүргізушісіне шабуыл жасаған екі жолаушы жауапқа тартылды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

Қалалық соттың мәліметінше, артқы орында отырып, шылым шегіп, жүргізушінің ескертуіне оны ұрып, балағаттап жауап қайтарған жолаушы қылмыстық кодекстің 109-бабы, 1-бөлігі (Ұрып-соғу) бойынша 12 тәулікке қамауға алынды. Сондай-ақ жәбірленушінің азаматтық талабы ішінара қанағаттандырылып, айыпталушыдан моральдық тұрғыдан зиян келтіргені үшін өтемақы ретінде 100 000 теңге өндіріп алды. 

“Автокөліктің алдыңғы орнында отырған екінші жолаушы жүргізушімен дауласып, оны балағаттаған. Ол әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекстің 434-бабы, 1-бөлігімен (Ұсақ бұзақылық) 15 тәулікке қамалды”, – деп мәлімдеді Алматы қалалық соты. 



Екі сот актісі де заңды күшіне енген жоқ. 

Еске салсақ, бұған дейін Алматыда ер адам көлікте шылым шекпеуді өтінген такси жүргізушісін ұрып, балағаттағаны туралы жазған едік.

Айым Болатқызы
Жұма, 25 Сәуір, 2025 11:23
Талқылау