Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Алматыда шенеунік мүмкіндігі шектеулі балаларға арналған қаржыны жымқырмақ болған

Фото: freepik.com

Алматыда жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының бөлім басшысы сотталды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің мәліметінше, 20 мамырда Алматы қаласы Жетісу аудандық соты қалалық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының бөлім басшысы А. Өсербаевқа қатысты үкім шығарды. 

Агенттік мәліметінше, шенеунік "Suberpro-com" ЖШС өкілінің "Церебралдық сал ауруы" диагнозы қойылған балаларға арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету бойынша шарт жасасуға жәрдемдесу сылтауымен 3,6 млн теңге сомасында ақша қаражатын жымқыруға оқталғаны үшін кінәлі деп танылған.

“Өсербаевқа мемлекеттік қызметте және квазимемлекеттік сектор субъектілерінде қызмет атқаруға өмір бойына тыйым сала отырып, 27 млн теңге көлемінде айыппұл түрінде жаза тағайындалды”, – делінген хабарламада. 

Еске салсақ, бұған дейін МӘМС төрағасының орынбасары Ғалымжан Әбілов 400 миллион теңгеден астам қаржы жымқырған деген күдікпен қамауға алынған еді.

Дана Русланқызы
Дүйсенбі, 09 Маусым, 2025 20:22
Талқылау