Алматыда самокаттарды бақылайтын камералар орнату ұсынылды
Фото: globallookpress.com
Алматыда электрсамокаттарын пайдалану мәселелерін қарауға арналған жұмыс тобының алғашқы отырысы өтті. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Жұмыс тобының өкілдері самокаттарды бақылау үшін “Сергек” секілді камералар жүйесін орнатуды ұсынды.
“Негізгі бастамалардың қатарында “Сергек” жүйесі секілді құқықбұзушылықтарды тіркейтін камераларды орнату, самокаттардың санын шектеу және біртұтас тұрақтар желісін жасау, пайдаланушылардың жауапкершілігін міндетті түрде сақтандыру, нөмір белгілерінің көлемін ұлғайту және біртұтас техникалық стандарттарды бекіту бар. Сондай-ақ мектептер, балабақшалар, медициналық мекемелер және басқа да әлеуметтік нысандардың жанында, жаяу жүргіншілер көп жүретін көшелерде жылдамдықты шектеу ұсынылды”, – делінген хабарламада.
Алматылық самокат жүргізушілеріне бір айда 3 мыңнан астам айыппұл салынған
Алматыда екі самокатшы жолды бөлісе алмай, төбелесіп қалды (видео)
Жиын барысында саябақтарда, алаңдарда және тротуарларында самокаттарды пайдалануға тыйым салу, сондай-ақ оларды қолдану ережелерін бекітуді жергілікті атқарушы органдарға беру ұсынылған.
Еске салсақ, бұған дейін Қазақстанда самокаттардың тротуарда жүруіне тыйым салуды талап ететін петиция жарияланғаны туралы жазған едік.

"Декретке миллионмен" дауы: Курстың негізін қалаған депутат Дәулет Мұқаевқа тексеріс жүргізіле ме?
