Алматыда психиатриялық ауруханадан қашып кеткен науқастар іздестіріліп жатыр
Фото: Іnstagram.com/volontery_almaty_lider.kz
Алматыда психитриялық ауруханадан екі науқас қашып кетті. Еріктілер үш науқасқа іздеу жарияланғаны туралы хабарлама таратты. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Науқастардың екеуі психикалық денсаулық орталығынан, ал үшіншісі – полиция басқармасынан қашып кеткен.
Денис Антипин – бойы 180 см, дене бітімі орташа, шашы қара қоңыр, шекесінде ақ селеу бар, көзі қоңыр, сол көзінің жанында қал бар. Үстінде ақ футболка, қара шорты және ашық түсті шәркей болған.
Павел Лавров – бойы 157 см, дене бітімі орташа, шашы қара, көзі қоңыр, білегінде тыртық іздері бар. Киімі – қара футболка, қара шорты және қара шәркей.
Елисей Балакин – бойы 176 см, дене бітімі арық, шашы қысқа, қара қоңыр, көзі қоңыр. Үстінде кеудесінде ақ жазуы бар қара футболка, қара трико және қара спорт аяқ киім.
Антипин мен Лавров маусым айының басынан бері іздеуде, ал Балакин 2025 жылдың 25 мамырынан бастап жоғалған.