Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Алматыда полиция қызметкерлері ер адамнан "істі тоқтату үшін" ақша талап еткен

Алматыда полиция қызметкерлері ер адамды түрмеге жаппау үшін ақша талап еткенФото: Stan.kz

Алматыда екі полиция қызметкері қылмыстық құрам болмаса да ер адамды қорқытып, ақша талап еткен. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

“Kozachkov offside” Telegram арнасының мәліметінше, 2025 жылдың мамыр айының соңында елордада Ерлан Дөненбай банкоматтан өз есепшотына 15 мың теңге салмақ болған, бірақ ақша түспей қалды. Ашуланған ер адам банкоматты бірнеше рет соғып, оқиға орнынан кетіп қалған.

Келесі күні банктің заңгерлері полицияға жүгініп, ер адамды мүлікті қасақана бүлдіргені үшін жауапқа тартуды талап етті. Материал тіркеліп, банкоматқа зақым келтірген адам тез анықталды. Бірақ кейін қылмыс құрамы болмағандықтан тергеу тоқтатылды.

Алайда банкоматты бүлдірген адамды табу туралы тапсырма берілгендіктен келесі күні патруль қызметкерлері Ерлан Дөненбай Алматы қалалық аудандық полиция басқармасына жеткізді. Сөйтіп Дөненбай полицияның екі жедел қызметкерінің қолына түсті.

32 жастағы Дмитрий Шин сол уақытта ішкі істер органдарында 9 жылдан астам қызмет атқарған, ал 28 жастағы Жандос Жексебектің шамамен 5 жыл тәжірибесі бар.

Олар ер адамды бақылауға алып, Дөненбайдың үстінен қылмыстық іс қозғалмаса да оған қоқан-лоқы көрсеткен. Соңында олар Дөненбайдан оны қылмыстық жауапкершілікке тартпау үшін 300 мың теңге талап еткен. Ер адам келісуге мәжбүр болып, 100 мың теңгені бірден полиция қызметкерлерінің қолына ұстатқан.

Сөйтіп Дөненбай сол кезде жұмыс істеп тұрған Антикорға жүгінді. Ол ведомстводан қажет қаражат пен құрал-жабдықты алған соң 200 мың теңгені делдал арқылы полиция қызметкерлеріне жеткізген. Кейін жемқорлыққа қарсы қызмет Шин мен Жексебекті ұстады.

Тергеу изоляторына жеткізілген соң полиция қызметкерлері өз кінәсін мойындады. Екеуіне де алаяқтық бойынша айып тағылып, сот қарауы қысқартылған тәртіппен өтті. Судья Гүлмира Сүйеуова полицейлерді кінәлі деп танып, әрқайсысына 3 миллион теңге көлемінде айыппұл салды.

Бұрынғы тәртіп сақшылары бірнеше ай қамауда отырғандықтан, әрқайсысы мемлекетке шамамен 2 миллион теңге төлеуге міндеттелді. Сондай-ақ екеуі де полиция капитаны атағынан айырылды. Енді олар мемлекеттік қызметке қайта орала алмайды.

Айым Болатқызы
Сейсенбі, 06 Қаңтар, 2026 11:32