Полиция қызметкерінің ешқандай түсініктемесіз зейнеткердің гүлін тартып алғаны жұрттың ашуына тиді (видео)
Видеодан скрин
Алматыда полиция қызметкері ешқандай түсініктемесіз зейнеткердің тауарын тартып алған. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Алматыда полицей зейнеткер әйелдің сатып отырған гүл шоғын тартып алып, үнсіз қызметтік көлігіне салып алып кеткен. Оқиға орнынан түсірілген видео әлеуметтік желіде тарап, желі қолданушылары арасында наразылық тудырды.
Кадрлардан полицейдің зейнеткер әйелдің наразылығын да, куәгердің "тауарды неге алып жатырсыз?" деген сұрағын да елемегенін көруге болады. Қызметкер гүлдерді қызметтің көліктің жүксалғышына салып кетіп қалады.
Зейнеткер әйел сауда жасауға рұқсаты бар екенін айтады.
Алматы қалалық полиция департаменті видеодағы полицейдің әрекетіне қатысты қызметтік тексеріс жүргізіліп жатқанын хабарлады.
"Тексеру нәтижесі бойынша кінәлі тұлғаға қатаң тәртіптік жаза қолданылады. Айта кетейік, аталған учаскеде рұқсатсыз сауда жасау деректері бұған дейін де бірнеше рет тіркелген", – делінген хабарламада.
"Баланың тірі не өлі екені белгісіз": АҚШ азаматы бұрынғы қазақстандық әйелін баласын "ұрлады" деп айыптап, сотқа берді