Алматыда оқушының ата-анасы мұғалімді бопсалап, 20 миллион теңге талап еткен
Фото: regnum.ru
Алматы қаласында әйел адам бопсалау ісін ашқан полиция қызметкерлеріне алғысын білдірді. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Алматыдағы жеке балалар орталықтарының бірінің қызметкері полицияға бопсалау туралы арызбен жүгінді. Орталықтағы бір тәрбиеленушінің әкесі педагогтың іс-әрекетіне көңілі толмайтынын айтып, жалған ақпарат таратамын деп қорқытып, одан 20 миллион теңге талап еткен.
Алматы қаласы Қылмыспен күрес басқармасының қызметкерлері жедел әрекет етіп, құжаттарды дұрыс рәсімдеуге көмек көрсетіп, дәлелдемелер жинады. Осылайша күдікті ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалды.
Әйел адам ішкі істер министріне, Алматы полиция департаментінің басшысына және прокуратураға алғыс хат жолдап, жедел қызметкерлер мен тергеушілердің жоғары кәсіби шеберлігін атап өтті.
"Олардың үйлестірілген және принципті жұмысы азаматтардың құқықтарын қорғауға мүмкіндік беріп, қоғамның полицияға деген сенімін нығайтады", – делінген хатта.
Қостанайда зейнеткер алаяқтарға 3,3 миллион теңге аударып жатқан жерінен құтқарылды (видео)
Қазақстандықтарға туған күні қоңырау шалатын алаяқтар туралы ескерту жасалды
Еске салайық, бұған дейін Оралдағы сауда орталығының банкоматы жанында зейнеткер алаяқтардың қысымына қарамастан 1,3 миллион теңге аударуға дайын тұрған. Телефондағы бейтаныс әйел оған қадам-қадам бойынша нұсқау беріп, айналадағы адамдар сұрақ қойса “ақшаны қызыма жіберіп жатырмын” деп айтуға кеңес берген. Зейнеткер абыржып, тіпті полицейлердің түсіндіруіне қарамастан, алаяқтарға сенген. Кейін телефондағы “баласы” мен өзін полиция қызметкеріміз деп таныстырған алаяқтар ақшаны міндетті түрде аударуын талап еткен. Алайда полиция қызметкерлері дер кезінде араласып, аударымды тоқтатып, зейнеткерді алаяқтардан қорғады.

Қазақстандық көпбалалы ана "Асар Уме" қайырымдылық қорын апатты үй берді деп айыптады
