Алматыда оқушыны өлтіріп кетті
Алматыда оқушының өлімі бойынша қылмыстық іс қозғалды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Кейбір деректер бойынша, жасөспірім Алатау ауданындағы дүкендердің бірінде өлтірілген. Полиция қызметкерлері жақын маңдағы үйлердің тұрғындарынан жауап алып жатыр.
Қалалық полиция департаменті ұсынған мәліметке сәйкес, оқушыны өлтіру фактісі Алатау ауданында тіркелген. Қылмыстық кодекстің 99-бабы (Адам өлтіру) бойынша сотқа дейінгі тергеу шаралары басталды.
"Күдікті ұсталды. Қылмыстың мән-жайы анықталып жатыр", - дейді полицейлер.
Айта кетcек, осы қылмыс үшін сегіз жылдан он бес жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығынан айыру жазасы қарастырылған.
Екі күнде үш рет төтенше жағдайда қонды: Авиация сарапшысы қыс мезгілінде ұшудың қаншалық қауіпті екенін айтты
Абыл Кекілбаев төтенше қонулар авиакомпанияларға тек ерекше жағдайда ғана жасалатынын айтты
Алматылықтар арасында маска мен мұрын фильтрі танымал бола бастады: Лас ауадан қорғайтын құралдар шынымен тиімді ме
Масканың көмегі болуы үшін оның FFP2 немесе N95 түрін таңдау керек