Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Алматыда оқушыларға қол көтерген мұғалім жұмыстан шығарылды (видео)

Видеодан скрин

Алматыда оқушыларға қол көтерген мектеп мұғалімі жұмыстан шығарылды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Әлеуметтік желіде Алматыдағы Л.Н. Толстой атындағы орта мектепте мұғалімнің оқушыларды ұрған видеосы тарады.

Видеодан мұғалімнің бір баланы жұдырықпен ұра бастағанын көруге болады. Артынша екінші бала оған "Апай, міне, сіздің телефоныңыз" деп айқайлайды, мұғалім екінші балаға да қол көтереді. Мұғалім оқушыны сөмкемен ұрып, балағаттайды.

Оқиғаны балалардың сыныптастары видеоға түсіріп алған. Мұғалімнің әрекетінен қорыққан кейбір оқушылар орындарынан тұрып, қашып кеткен.

Видео әлеуметтік желідерде тарағаннан кейін оқиғаның 2024 жылы болғаны, аталған дерек бойынша тексеру жүргізілгені белгілі болды.

"Қарасай ауданы білім бөлімінің қорытындысы бойынша математика мұғалімін жұмыстан шығару туралы шешім қабылданды", – делінген хабарламада.

Еске салсақ, бұған дейін Астанада балаға қол көтерген балабақша тәрбиешісі амнистияға ілігіп, қатаң жазадан құтылып кеткені туралы жазған едік.

Дана Русланқызы
Жұма, 03 Қазан, 2025 22:12
Талқылау