Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Алматыда митингке шыққандар ұсталды

Алматы қаласында Қытаймен арадағы визалық режимді жеңілдетуге қарсы митингке шыққан адамдар ұсталды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. 

Бұған дейін "Қазақстанның демократиялық таңдауы" қозғалысы халықты орталық саябақта жиналуға шақырған болатын. Бұл қозғалыс Қазақстанда экстремистік ұйым ретінде танылған.

Куәгерлердің айтуынша, митингке шыққан белсенділер арнайы плакаттар ұстап келген. Бірақ көп адам жиналған жоқ. Сол жерге прокуратура мен әкімдік қызметкерлері де келді. Олар митингтің заңсыз және ондай шара үшін жауапкершіліктің бар екенін ескертті. Сосын жиналған адамдарды үйге қайтуға шақырды. Бірақ ешкім кеткен жоқ. Осыдан кейін полиция кейбір қатысушыны ұстап әкетті.

Екі ел арасындағы келісімге сәйкес, Қазақстан азаматтары Қытайда, ал Қытай азаматтары Қазақстанда шекарадан өткеннен кейін 30 күн визасыз жүре алады. Ал шығып қайта кіретін болса, осы мерзім алты айдың ішінде 90 күннен аспауы шарт. Одан артық уақытқа қаламын десе, визаға өтініш беру керек. Визасыз жүру үшін жол жүру құжаттары болуы қажет.

Талқылау