Алматыда LRT салу үшін 270 жер телімі мәжбүрлі түрде алынады

Алматыда LRT желісін салу үшін кей аудандардан 270 жер мәжбүрлі түрде алынады. Алайда жер иелеріне өтемақы төленеді. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
2026 жылғы 26 наурыздағы қаулыға сәйкес, LRT-нің бірінші желісін салу үшін 270 жер учаскесі алынады. Жоба "Алматы-2" вокзалынан Мөңке би көшесіне дейінгі Жетісу, Алмалы, Әуезов және Алатау аудандарын қамтиды.
Жерді мәжбүрлі түрде алу мерзімі 2028 жылдың 31 желтоқсанына дейін белгіленген. Учаске иелеріне "Қалалық жер орталығы" хабар береді. Ал өтемақыны заңға сәйкес Алматының жер қатынастары басқармасы төлейді. Жер алынғаннан кейін ол қаланың жол инфрақұрылымын дамыту басқармасының балансына өтеді.
Бұған дейін LRT жобасына техникалық-экономикалық негіздеме әзірленген. Құжатқа сәйкес, LRT депосы ТЭЦ-2-нің шығысында, Фариза Оңғарсынова, Монке би және Бауыржан Момышұлы көшелері маңында орналасады.
Маршрут Бауыржан Момышұлы көшесімен өтіп, кейін Төле би көшесі мен Абылай хан даңғылы арқылы "Алматы-2" вокзалына дейін жалғасады. Соңғы станция "Райымбек батыр" көлік-ауыстыру торабында орналасады. LRT желісі бұрынғы трамвай жолдарының бойымен өтіп, Үлкен Алматы және Есентай өзендерін қолданыстағы көпірлер арқылы кесіп өтеді.
-
Қазақстандық ғалымдарға 6 сағат ұшатын супердрон жасау ұсынылды: Министрлік 400 миллион теңге бөлмек
Құрылыс 2027 жылдың сәуірінде басталып, 2029 жылдың сәуірінде аяқталады деп жоспарланып отыр.
Айта кетейік, Алматыда LRT салу идеясы 2018 жылдан бері талқыланып келеді. Бастапқы жоба бойынша 22,7 км қос жолда 37 станция салу көзделген. Қарбалас уақытта пойыздар 4 минут сайын жүріп, күніне 76–112 мың жолаушы тасымалдайды деп жоспарланған.
Жаңа салық кодексі әлеуметтік кәсіпкерлерді жеңілдіктерден айырды – Тапсырыс жоқ, қарыз көбейді