Алматыда Li Auto-ның ресми автосалоны ашылады

Фото: Allur баспасөз қызметінен
Алматыда жаңа Allur | Li Auto дилерлік орталығы ашылады. Жаңа автосалон Майлин көшесі, 240А мекенжайына орналасады. Дилерлік келісім Allur автокөлік компаниясы мен Li Auto арасында жасалды. Ал Li Auto көліктерін қазірден-ақ алдын ала тапсырыспен сатып алуға болады.
Серіктестік аясында 2026 жылдың ақпанында Алматыдағы Майлин көшесі, 240А мекенжайында Allur | Li Auto ресми дилерлік орталығы ашылады. Ал Li Auto көліктеріне сервистік қызмет көрсету 15 желтоқсанда басталады. Қазақстандықтар көліктерді алдын ала тапсырыспен қазірден сатып ала алады.
Li Auto Қазақстан нарығындағы орнын одан әрі нығайтып келеді. Бренд үш моделі үшін ОТТС алған, бұл көліктердің экология, қауіпсіздік пен елдегі техникалық реттеу стандарттарына сай екенін көрсетеді. Көлік иелеріне үш жылдық немесе 100 мың шақырымға дейін ресми кепілдік, түпнұсқа бөлшектерге, сертификатталған сервистік орталықтар мен бағдарламалық жабдықтаманы тұрақты жаңартуға қолжетімділік беріледі.

Фото: Allur баспасөз қызметінен
Жергілікті нарықтағы Li Auto көліктерінің негізгі артықшылығы – барлық көліктердің гибридті кроссовер болуы. Толық электрлі көліктерге қарағанда гибридтер қуаттау станциясын қажет етпейді. Себебі батарея қозғалыс кезінде энергияны жинақтау арқылы қуатталады. Бұл шешім қуаттау станцияларына тәуелділіктен арылтып, -40°C аязда да көліктің тұрақты жұмыс істеуін қамтамасыз етеді. Жанармай тиімділігі бойынша анықтамаға сүйенсек, гибрид көліктер қалада (кептеліс, жиі тоқтау мен қайта қозғалу) бензинді көліктерге қарағанда жанармай тұтынуды 49% төмендетеді. Сондай-ақ электр қуатына ауысқанда, бензинді мотор өшіп, көлік ауаға CO₂ мен басқа да зиянды заттарды бөлмейді.
Allur автокөлік компаниясы Li Auto-мен серіктестік орнату стратегиялық сипатқа ие екенін атап өтті. Себебі ол қазақстандық компанияның гибрид көліктер сегментінтегі портфелін кеңейтеді. Сондай-ақ экология мәселесін шешуге қосатын үлесін арттырады. Зиянды заттарды аз бөлетін және жанармай шығыны төмен технологиялық модельдерді нарыққа шығару арқылы компания Қазақстанда тұрақты автокөлік нарығын қалыптастыруға ұмтылады.
Алматыда дилерлік орталық ашу брендтің нарықтағы үлесін арттырып, қазақстандықтар үшін заманауи әрі технологиялық көліктерді қолжетімді етеді.
Алматы әкімдігі тұрғындардың наразылығын тудырған эстакадаға қатысты суретке түсініктеме берді