Алматыда құрылыс краны құлап, жүргізушісі мерт болды
Алматыда құрылыс алаңында кран құлап, 49 жастағы жүргізушісі қаза тапты. Куәгерлердің айтуынша, оқиға Таугүл-1 шағын ауданында болған, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі Sputnik Қазақстанға сілтеме жасап.

Құрылыс нысаны Таугүл-1 шағын ауданында орналасқан. Төтенше жағдайдан кейін бірнеше минуттан соң оқиға орнына полицейлер мен дәрігерлер келген.
Полиция департаментінің мәліметіне сүйенсек, қайғылы оқиға салдарынан 49 жастағы кран жүргізушісі қаза тапқан.
Алматыда жел жоқ, жылдамдығы бар болғаны 0,83 м/с.
"Алматыда "Мирас констракшн" ЖШС мердігер компаниясы "Star Rent" ЖК-нен кран жүргізушісімен бірге мұнаралы кранды жалға алған. Нәтижесінде 1973 жылы туған кран жүргізушісі ауыр жарақат алды. Ол жедел жәрдем көлігі келгенше мерт болған", - деп хабарлады әкімдіктегілер.
Кран құлауының себебі – конструкциядағы ақау. Қазір тергеу жұмыстары жүріп жатыр.
Талқылау
ТЭЦ-тің газға ауысуы Алматыдағы лас ауа проблемасын шеше ала ма: Сарапшылар мегаполистегі қалың тұмша неден түзілетінін талдап берді
Қыстағы лас ауа деңгейі айына 70 темекі түтінін жұтқанмен тең
Бір айда самокат айдаған 6,5 мың адамға айыппұл салынған: Қазақстандық кикшеринг иелері тәртіп бұзғандарды қалай жазалайды?
Самокатты жоғалтса, 195 000 мен 840 000 теңге аралығында айыппұл салынады