Тікұшақпен сөндіріп жатыр: Алматының Жетісу ауданында қойма өртенді (видео)
Алматыдағы Жетісу ауданында қойма өртенді, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Оқиға орнында өрт сөндірушілер жұмыс істеп жатыр. Сондай-ақ, қызыл жалынды ауыздықтау үшін тікұшақпен су шашып жатқаны белгілі болды.
«18 шілде күні таңғы сағат 07.45-те Алматы қалалық төтенше жағдай департаментіне Жетісу ауданы, Омаров көшесінде қойма өртеніп жатқандығы туралы хабарлама келіп түсті. Өрт сөндірушілер оқиға орнына жетті. Жалынды сөндіруге 15 техника және 43 өрт сөндіруші жұмылдырылды», – деді қалалық Төтенше жағдайлар департаменті баспасөз қызметі.
"Наурызға 317 млн, ал Жаңа жылға 793 млн теңге": Қазақстанның бас қалалары Наурыз мейрамына Жаңа жылдан екі есе кем қаржы бөлді
Наурыз бен Жаңа жылды тойлауға қанша қаржы бөлінгенін салыстырдық
Қазақстанда 62 жыл бойы не себепті Наурыз мейрамын тойлауға тыйым салынды
Наурыз - діни мейрам, ескіліктің сарқыншағы деген жалған айыптар тағылды