Алматыда көшеде 5 баласымен кетіп бара жатқан әйелді ағаш басып қалды (видео)
Алматыда көшеде әйел мен екі баласы зардап шекті. Алдын ала мәлімет бойынша, оларды ағаш басып қалған, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Желіде оқиға орнында түсірілген видео пайда болды. Роликтің сипаттамасында әйел мен бес баласының үстіне ағаш құлағаны жазылған.
Zakon.kz порталының мәліметінше, Алматы қалалық денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметі аталған ақпаратты растады.
Ведомстводағылардың сөзінше, оқыс оқиға салдарынан бір ересек адам мен кәмелет жасқа толмаған екі бала зардап шеккен. Қазіргі уақытта зардап шеккендердің бәрі ауруханада жатыр.
Қазақстанда киіз үй бағасы 200 мыңнан 1,8 миллион теңгеге дейін: Оны кімдер сатып алады?
"Өзін құрбан ету үшін "айналайын" деп дауыстаған": Қазақтың қандай салт-дәстүрі мен ұғымдары ұмыт болды
Тарихшы: "Ауру адамды киіз үйдің ортасына жатқызып, қарт кісі үш рет айналып, есікке келгенде “айналайын” деп дауыстайды"