Алматыда коронавирустың үнді штаммын жұқтырған тағы бір адам анықталды
Алматыда тағы бір тұрғын коронавирустың үнді штаммын жұқтырғаны анықталды. Бұл туралы қалалық денсаулық сақтау басқарма басшысының орынбасары Лаура Мырзағали мәлімдеді, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.
"Қазір қалада екі адам үнді штаммын жұқтырған. Оның бірі 38 жастағы әйел, екіншісі 8 жасар бала. Қазір олар инфекциялық ауруханада емделуде. Отбасының басқа мүшелері ауру жұқтырды деген мәлімет тіркелмеді. Қазір тек екеуі ғана коронавирустың осы түріне шалдыққан", – деді Лаура Мырзағали.
Айта кетсек, бұған дейін үнді штаммын алматылық әйел жұқтырғаны айтылған еді.
Еске салсақ, қаланың бас санитар дәрігері Жандарбек Бекшин "Алматыда вирустың жаңа түірінің таралуына байланысты карантин күшейтіледі ме?" деген сұраққа жауап берген болатын.
Алматыда "үнді" штаммының табылуына орай қалалықтардың қайта вакцина салғызуы керек пе
Талқылау

"Шетелде билетсіз, қонақүйсіз далада қалдым": Қазақстандықтар авторлық тур сатып аламыз деп 2 млн теңгеге дейін қаражаттарынан қағылған
Олар 300 мың теңгеден 2 миллион теңгеге дейінгі ақшадан қағылды

"Бөлімше болыңыз, біздің команда": Алматыда косметика дүкенінің қате аудармасы жұрттың ашуын туғызды
Оқырмандардың бірі баспахананың да мұндай немқұрайлығына реніш білдірді