Алматыда қолына пышаққа ұқсас зат ұстаған ер адамдар автобус жүргізушісімен төбелесті
Алматыда ер адамдар автобус жүргізушісімен төбелесті. Видео кадрларынан оның қолына пышаққа ұқсас зат ұстағанын байқауға болады. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Куәгерлердің хабарлауынша, оқиға 21 қазанда таңертең Назарбаев даңғылында болған.
"Куәгер ер адамның автобустың жабық есіктерін тепкенін, содан кейін жүргізуші жүгіріп шығып, оны ұра бастағанын айтты. Бірнеше минуттан кейін ер адам пышақ тәрізді затты алып, жүргізушіге қауіп төндіре бастаған. Жазбада жүргізушінің өзін қалай қорғайтынын көруге болады", – делінген видео сипаттамасында.
Бейнежазба қазір Алматы полиция департаментінде зерттеліп жатыр.
"Осы факті бойынша тексеру жүргізіліп жатыр. Жағдайлар белгіленеді. Сонымен қатар жанжалға қатысушылардың әрқайсысының іс-әрекеттеріне құқықтық баға беріліп, ҚР заңнамасына сәйкес шаралар қабылданады", – деп хабарлады Алматы полиция департаментінің баспасөз қызметі.
Алматыда оқу ақысы 5 миллион теңге болатын элиталық мектепте оқушыларға шикі тамақ берілген
Асхана тамағынан кейін балаларға асқазан-ішек жолдарының функциялық бұзылуы сияқты диагноздар қойылған
Қазақстанда көпбалалы әйелдерге 8 наурызға орай 43 мың теңгеге дейін біржолғы төлем беріледі
Ал қалған 8 аймақта көпбалалы аналарға ақшалай төлем берілмейді екен