Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар
Басты жаңалықтар

Алматыда көлікте шылым шекпеуді өтінген такси жүргізушісін жолаушы ұрып, балағаттаған (видео)

Фото: Видеодан скрин

Алматыда жолаушылар көлікте темекі шекпеуді өтінген такси жүргізушісін балағаттап, ұрып жіберген. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

Алматы тұрғыны Влад Кравчук Instagram парақшасында ашуға булығып, балағат сөздер айтып жатқан жолаушылардың видеосын жариялады. Кадрлардан екі ер адамның такси жүргізушісімен сөз таластырып, аузына келгенін айтып жатқанын байқауға болады. Бір уақытта азаматтардың бірі жүргізушінің бетінен ұрып жібереді. 

Мәліметке сәйкес, олардың бірі темекі тұтатқан, сол сәтте жүргізуші көлікте шылым шегуге болмайтынын айтып, ескерту жасаған. Бұған жолаушы агрессивті түрде жауап беріп, жүргізушіні ұрып жіберген. Онымен қоймай балағат сөздер айтқан. Осыдан кейін жүргізуші жолаушыларды әрі қарай апарудан бас тартып, шығуын өтінген. Бірақ олар көліктен түсуге асықпаған. Жүргізуші "көліктегі әңгімені жазу" функциясын қосқан кезде, екеуі есікті ашып, түсіп кеткен. 



Алматы қалалық полиция департаменті қылмыстық іс қозғалғанын мәлімдеді. 

"Медеу аудандық полиция бөлімі ұрып-соғу фактісі бойынша қылмыстық іс қозғады. Қазір сот-медициналық сараптама тағайындалды. Сонымен қатар істің объективті мән-жайларын анықтауға және Қазақстан заңнамасына сәйкес шешім қабылдауға бағытталған жедел-іздестіру шараларының кешені жүргізіліп жатыр", – делінген хабарламада.

Айта кетейік, бұған дейін Жамбыл облысында жанармай құю бекетінде мотоцикл жүргізушісін пышақтап кеткені туралы жазған едік.

Жұмаділлә Нұрила
Сейсенбі, 22 Сәуір, 2025 13:02
Талқылау