Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Алматыда көлік аялдамаға соғылып, аударылып қалған

Алматыда екі көлік соқтығысып, салдарынан көліктердің бірі аялдамаға соғылып, аударылып қалған. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

Фото: Алматы ПД

Алматы қалалық полиция департаментінің мәліметінше, 14 қыркүйек сағат 06:30-да Медеу ауданында жол-көлік оқиғасы орын алды.



"Volkswagen көлігінің жүргізушісі Қабанбай батыр көшесімен шығыс бағытта келе жатып, тыйым салынған бағдаршамның қиылысына шығып, Назарбаев көшесімен солтүстікке қарай келе жатқан Hyundai көлігімен соқтығысқан. Әрі қарай жүрісін жалғастырған Volkswagen автобус аялдамасына соғысып, нәтижесінде аударылып қалған", – делінген хабарламада.

Оқиға салдарынан ешкім зардап шекпеген. Оқиғаның себептері анықталып жатыр. 

Айта кетейік, бұған дейін Алматы облысында автобус Қаскелең көпірінің қоршауын соғып, ішінде 7 жолаушысы бар минивэннің үстіне құлап кеткен еді. Алдын ала болжам бойынша, жол апатына автобус жүргізушісінің денсаулығының нашарлап, рөлді басқара алмауы себеп болған. Қоғамдық көлік темір қоршауды, кейін көпірді бұзып, жолға құлаған. 

Талқылау