Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Алматыда көлігінің ішінде өзін өртеп жіберген ер адам көз жұмды

Алматыда екі күн бұрын мамандандырылған автотұрақта көлігінің ішінде өзін өртеп жіберген ер адам көз жұмды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

Фото видеодан алынған

1 қазанда төленбеген айыпұлдарына байланысты айып тұраққа қойылған Subaru Forester көлігінің иесі бензин шашып көлігімен қоса өзін де өртеп жіберген еді. Желіде тараған видеодан полицейлердің көлікте отырған ер адамды ештеңе істемеуге көндіруге тырысып, не болғанын сұрап жатқанын көруге болады.

Оқиға орнына келген дәрігерлер ер адамға алғашқы медициналық көмек көрсетіп, оны №4 қалалық клиникалық ауруханаға жеткізді. 


Күйеуі өртеп жіберген алматылық әйел 1,5 жылдан кейін ғана жәбірленуші деп танылды


Көлік иесінің төленбеген айыппұлдарының жалпы сомасы – 1 миллион 300 мың теңге. Сонымен қатар жүргізушінің міндетті сақтандыру полисі болмаған.

Бүгін ер адамның алған жарақатынан көз жұмғаны белгілі болды. Айыппұлдар мен төленбеген сақтандырудан басқа оның қомақты қарыздары мен несиелері де болған көрінеді. Кейбір дереккөздердің мәліметінше, марқұмның достары оның отбасына көмектесу үшін қайырымдылық акциясын жариялаған.

Еске салсақ, бұған дейін Алматыда ер адам алдымен көлігін, кейін өзін өртеп жіберген еді. 

Талқылау