Алматыда қоғамдық көлікте өзін-өзі қанағаттандырған ер адамға полицейлер іздеу салды
Алматыда полиция департаменті автобуста мастурбация жасаған ер адамды іздестіріп жатыр. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Әлеуметтік желіде қыздың видеосы пайда болды, қоғамдық көлік ішінде бейтаныс ер адамның жыныс мүшесін ашып, өзін-өзі қанағаттандырған видеосы тарады. Ер адам қыздың камераға түсіру әрекетіне агрессивті түрде қараған.
"Немолчи" қорының мәліметінше, 20 мамырда ер адам осыған ұқсас әрекетін бірнеше автобустарда қайталаған.
Алматы полиция департаментінің баспасөз қызметі қазіргі уақытта оқиғаға қатысы бар адамды анықтау және оны ұстау шараларын жүргізіп жатқанын хабарлады.
"Құқық бұзушының әрекетіне заңға сәйкес одан әрі шаралар қолданылып, құқықтық баға беріледі", - деп қорытындылады полицейлер.
Қазақстанда киіз үй бағасы 200 мыңнан 1,8 миллион теңгеге дейін: Оны кімдер сатып алады?
"Өзін құрбан ету үшін "айналайын" деп дауыстаған": Қазақтың қандай салт-дәстүрі мен ұғымдары ұмыт болды
Тарихшы: "Ауру адамды киіз үйдің ортасына жатқызып, қарт кісі үш рет айналып, есікке келгенде “айналайын” деп дауыстайды"