Алматыда кіреберістен табылған нәрестенің анасы ұсталды
Алматы полициясы 30 қаңтар күні Түрксіб ауданындағы тұрғын үйлердің бірінің кіреберісінен табылған жаңа туған қыз баланың анасын анықтады. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Фото: Видеодан скрин
Жедел жәрдем қызметкерлерінің мәліметінше, нәресте небәрі бірнеше сағат бұрын дүниеге келген. Бала ауруханаға жеткізілді.
"Жедел-іздестіру шараларының арқасында қыз баланың анасының жеке басы анықталды. Ол ұсталып, медициналық көмек көрсету үшін қаладағы ауруханалардың біріне орналастырылды. Баланы қауіпті жағдайда қалдыру фактісі бойынша қылмыстық іс қозғалды. Әйелдің қазіргі әрекетіне не түрткі болғаны және оқиғаның мән-жайы анықталып жатыр", – деді Түрксіб аудандық полиция басқармасының басшысы Думан Аухадиев.
Еске салайық, Алматыдағы екі қабатты үйдің тұрғындары екінші қабаттағы пәтер есігінің алдында жаңа туған қыз баланы тауып алған еді. Дәрігерлер оның жағдайын ауыр деп бағалаған.
"Бізден 100 есе жоғары алады": Қазақстан мен шетелдік дәрігерлердің жалақысын салыстырып көрдік
Алматының ауруханасында жұмыс істейтін дәрігерлер 160-250 мың теңге алады
Қазақстанда биыл БАҚ өкілдерін марапаттауға 35,2 миллион теңге бөлінген
Ал 2021 жылы журналистерді ынталандыруға тек 14,5 миллион теңге бөлінген