Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Алматыда Kazakhstan Marketing Conference 2026 конференциясы өтпек

2026 жылдың 28 қаңтарында Алматы қаласында жыл сайын өтетін ең ірі кәсіби шаралардың бірі – Kazakhstan Marketing Conference (KMC) 2026 сегізінші рет өз есігін айқара ашады. Конференция өсу стратегиялары, тұтынушыға бағдарланған тәсілдер және маркетингтегі ең жаңа құралдарға арналады. Kazakhstan Growth Forum ұйымы Асхат Үскембаевтың Креативті Батылдық мектебімен бірлесіп ұйымдастыратын бұл ауқымды іс-шара InterContinental Almaty қонақүйінде өтеді. KMC 2026 аясында 50-ден астам топ-спикер сөз сөйлеп, маркетинг саласындағы жүздеген кәсіби мамандар бір алаңда тоғысады.

“Макро және микроэкономика деңгейінде байқалып отырған өзгерістер бизнестің барлық функцияларының, ең алдымен өнімді, қызметті және брендті дамыту тұрғысынан маркетингтің белсенді қатысуын талап етеді. Табысқа жеткен бизнес ең басты басымдықты тұтынушыға және оның қажеттіліктеріне беру керек екенін түсінеді. Сондықтан бұл үдерісте CMO-ның рөлін күшейту аса маңызды”, – деді Centras Group басқарушы директоры әрі KMC чемпионы Елена Афонина.

Стратегия мен тұтынушыға басымдық

Бағдарлама қазіргі заманғы бизнестің барлық қырын қамтитын тақырыптық бөлімдерге бөлінген. Негізгі назар Business Strategy мен Marketing Strategy бағыттарына аударылады. Centras, YandexAds, NOTO Agency, KGF компанияларының спикерлері және Мехмет Илкер Айчи (Oman Air, Turkish Airlines компаниясының бұрынғы CEO-сы) сынды халықаралық сарапшылар арнайы панельдік пікірталаста басымдықтар, брендті позициялау және стратегиялық көзқарас мәселелерін талқылайды. Пікірталас "Стратегиялық позициялау: елдік бренд және ел ішіндегі брендтер" тақырыбында өтеді.

Customer Insights бөлімі тұтынушылардың мінез-құлқын терең талдауға арналады. NielsenIQ Kazakhstan, Centras, BRIF, Kolesa және өзге де компаниялардың сарапшылары жаһандық трендтер, аудиторияны зерттеу әдістемелері (Voice of Customer) және клиенттік инсайттарды нақты бәсекелік артықшылыққа қалай айналдыруға болатыны туралы баяндайды.

Өз кезегінде ұйымдастырушылар нарық пен маркетологтардың сұранысын терең түсінуге мүмкіндік беретін Centras Marketing Survey 2026 атты ауқымды салалық зерттеу жүргізіп жатыр. Зерттеуге барлық мүдделі басшылар қатыса алады, ол үшін мына сілтеме арқылы сауалнамадан өту жеткілікті: https://kmc.kgforum.kz/#survey

Ал C-MENTORING бөлімінде интерактив тіпті арта түседі: маркетинг саласының гуруларымен жеке кездесулер өтіп, конференция қатысушылары нақты кәсіби мәселелерін талқылап, жеке кеңес алу мүмкіндігіне ие болады.

Номинациялар, вирустық өсім және креатив

KMC 2026 дәстүрлі баяндамалар форматынан шығып, нақты нетворкингке, панельдік пікірталастарға және кәсіби құзыреттерді дамытуға арналған алаңға айналады. Қатысушыларды "The Best CMO of the Year", "Creative Campaign of the Year" және "New Experience of the Year" номинациялары бойынша кәсіби сыйлықтарды табыстау салтанаты күтеді. Басты номинацияның жеңімпазы Kazakhstan Growth Forum-ның жабық C-level қауымдастығына эксклюзивті қол жеткізу мүмкіндігіне ие болады.

Viral Growth тақырыбы брендтерге деген "халық сүйіспеншілігінің" құпияларын, нейромаркетингті және инфлюенсерлермен жұмысты ашып көрсетеді. Ballroom залындағы негізгі бағдарламадан бөлек, қонақтар үшін арнайы аймақтар жұмыс істейді:

- Нетворкингке арналған кофе-брейктер.

- CEO-ларға арналған мастер-класс – авиация, сақтандыру және жаһандық инвестициялар сияқты негізгі салаларда көпжылдық басқару тәжірибесі бар Мехмет Илкер Айчиден (Oman Air, Turkish Airlines компаниясының бұрынғы CEO-сы). Оның көшбасшылық стилі – стратегия мен эмпатияның үйлесімі. Ол жаһандық трендтердің тамырын дөп басып, клиенттер мен команда үшін маңызды құндылықтарды ешқашан назардан тыс қалдырмайды. Ең күрделі жағдайда да оның командасы мақсаттың айқын екенін, ресурстың бар екенін және жеңіске жету мүмкін екенін біледі.

- Creatives & Tools секциясы – креативті индустриялар әлеміне терең бойлау. ABR, DASM Group, ParkLive Kazakhstan, "Қазақфильм" және өзге де компаниялардың спикерлері коллаборациялар, креатив пен бизнестің байланысы, CX & AI, сондай-ақ кино мен концерттердің брендтік коммуникациялардағы рөлін талқылайды. Секцияның модераторы – Креативті Батылдық мектебінің негізін қалаушы Асхат Үскембаев.

Егер сізге нақты кейстер немесе өсу модельдерінің бірін тереңірек талдау қажет болса, онда бұл конференция – сіз үшін. Тіркелу үшін: https://clck.ru/3RNgku

KMC 2026 конференциясын Forte Bank, Yandex Ads, Kommesk, Popeyes, Centras Securities, Centras Insurance, SOS Medical Assistance сынды компаниялар қолдады.

KMC туралы:

Kazakhstan Marketing Congress – бұл бизнесті дамытуға арналған идеялар, пікірлес жандар мен серіктестер табуға мүмкіндік беретін жаһандық маркетингтік алаң. Қауымдастығымыздың "WIN–WIN–WIN" қағидаты өзара тиімді ынтымақтастық идеясына негізделген: мұнда барлық тараптар пайда көріп қана қоймай, қоғам үшін ортақ құндылықты бірге қалыптастырады.

Біз компанияларды, жарнама агенттіктерін, ақпараттық порталдарды және барлық ниетті жандарды ынтымақтастыққа шақырамыз.

Дана Русланқызы
Жұма, 23 Қаңтар, 2026 10:00