Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

"Інісін асырау үшін жұмыс істеген": Алматыда қатерлі ісікпен ауыратын жігітке қазақстандықтар 19 миллион теңге жинап берді

Алматыда 19 жастағы жігіт төртінші дәрежедегі қатерлі ісікпен ауырса да, інісін асырау үшін жұмыс істеп жүр. Қазақстандықтар жігіттің еміне 16 миллион теңгеден қаржы жинаған. Бұл туралы журналист Гүлмира Әбіқай Instagram-парақшасына жариялады.

қатерлі ісігі бар жігіт

Ескі жатақханада тұратын ағайынды Наурыз бен Нұрәлінің арасы 5 жас. Журналистің мәлімдеуінше, аналары екі ұлды жеті жыл бұрын тастап кеткен, ал бауырлар әкесімен тек анда-санда жолығып тұрады екен. Қазіргі таңда оның өз сүйгені бар. Науқас Наурыз інісін асырау үшін жұмыс істейді.

"Наурыз жұмысқа таңғы 4-те кетеді. Автобуста контролер. Нұрәлі мектеп оқиды. 15 жасынан бастап қызметке кіріскен. 18-ге толғанда, ақша тауып, інісін ешкімнен кем қылмай киіндіріп, бағып қағуды армандады.  Өкінішке қарай, 18 жасында тамағында ісік пайда болды”, – деп жазды Әбіқай.

Дәрігерлер алғашында жігіттің басында грыжа деген, алты айдан соң, суық тиген деп емдеді. Асқынған кезде жаман ауру екені анықталады. Наурыздың ем алуға мүмкіндігі жоқ.

Күннен-күнге қолданатын дәрі-дәрмегі қымбаттап, дерт жанына батуда. Сондай-ақ, артында інісі бар. Түскі үзілісте тамақ ішіп, әлдену орнына химия алуға барады. Әрі қарай жұмысын жалғастырады

Туыс әпкесі ғана Наурыздың ауруына алаңдап, көмек қолын созып жүр. Анасы ұлының жағдайын естігенімен, әлі бірде-бір рет жағдайын сұрамаған.

"Маған ешнәрсе керегі жоқ. Тамақ та ішпеймін, киім де кимей-ақ қойдым, ешқайда қыдырмаймын, телефон да алмаймын. Тек ағам тірі болса екен", – дейді 14 жастағы Нұрәлі.

Осы жазбадан кейін қазақстандықтар қаржылай көмек көрсетіп, 18 жастағы жігіттің еміне 16 млн теңгеден астам ақша жинады.

Журналистің сөзінше, қазіргі уақытта шетелдік клиникалармен байланыс орнатылып, емге қатысты ақпараттар алынуда. Сондай-ақ, Наурыздың мойнындағы несиелерге байланысты шоттары бұғатталғандықтан, әзірге шетелге ұшу мүмкіндігі жоқ. Бірақ қайырымдылықтан түскен қаражаттың көмегімен бұл мәселе шешілер деген үмітті үзбейді.

Талқылау